Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023 №56) “Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту” ережесіне сәйкес:
“№15 “Жидек” бөбекжай-балабақшасы” МКҚК, 2026-2027 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарлаймыз!
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру берілген күнінен кейін жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
- мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі);
- педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса);
- жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері;
- үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері;
- қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) ;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса).
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
- өтініш (еркін түрде);
- үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
№15 “Жидек” бөбекжай-балабақшасы қамқоршылық кеңестің құрамына үміткердің ұсыныстарын қабылдайды.
Қабылдау бөлімі тел: 8 (7132) 22-23-70, 8 (776) 758-21-87
Электрондық адрес: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.



















