2022 жылдың  14- маусым  күні институт жоспарына сәйкес  Ақтөбе қаласындағы  №15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасында  «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетін талдау» тақырыбында  облыстық семинар өтті.

 

Семинардың мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті мәселесі бойынша  педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру бағытында әдістемелік көмек беру, өзара тәжірибе алмасу.  

Облыстық семинар жұмысына «ӨРЛЕУ» БАҰО»  кәсіби даму институтының аға оқытушысы, п.ғ.м. К.Ж.Рахатова жетекшілік етті. №15 «Жидек» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Жекеева Алия Раевна мен  педагог мамандары  Жоламанова Зейнегүл Муналқызы,     Дустанова ГЖ. Аметкулова Н. К.,   Калташкина Н.Н. Уразгалиева Б.А., Сырбаева Р.Р., Щербина О.Л, Зимханова А.О,  Улитчева И.Ф,. Даукулова А.А.,  Клещева Т.И. Спанова Г.Е. Сандыбаева И.С аталған тақырып аясында мектепке дейінгі ұйымдағы баланың ойын іс-әрекетін ұйымдастыру үшін жағдай жасау,  дамытушы ортаны талапқа сай ұйымдастыру, жабдықтау, сондай-ақ педагогтің балалардың ойын әрекетін  ұйымдастыру қызметі бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды семинар үшін алғыстарын білдірді,  бірқатар ұсыныстар қабылданды.